Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында Жоғарғы Бас Қолбасшы айқындаған маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Оларды жүзеге асыру біраз шығын талап ететінін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.
"Біз тек оқуды аяқтадық. Оқу-жаттығу өткізу және өзіміздің жауынгерлік әзірлігімізді тексеру маңызды ма, әлде шерулетіп жүру маңызды ма? Біз бұл жағдайда Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмаларын іске асыруды ескере отырып, қазіргі жағдайда Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен дайындығын күшейту орынды деп есептейміз", – деді Жақсылықов.
Министр Жеңіс күні ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар жоспарлы түрде өтетінін нақтылады.