Білім министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрлар даярлауды енгізуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл компаниялардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер ЖОО-ға түседі. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы – студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де мақсатты тапсырыс беріледі. Олар үшін мамандықтар тізімі белгіленіп, білім беру мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.