Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекет басшысы қаңтардағы оқиғаларды тергеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың алдын-ала нәтижелерін атап өтіп, қаскүнемдердің мемлекеттік төңкеріс жасауға және Президентті биліктен шығаруға тырысқанын жеткізді.
"Сұрақ туындауы мүмкін: олар неге бұл жағдайға барды? Жауап айқын. Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға көштік. Түрлі салаларда ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір әсер етушілерге ұнамады. Олар өздерінің заңсыз іс-әрекеттері одан әрі жалғастыра бергісі келді. Олар билікті басып алуға тырысты. Тәжірибелі қылмыскерлер, қарулы бандалар және отанын сатқан шенеуніктер жасырын топ құрды. Біздің сыртқы және ішкі жауларымыз келісіп, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылығын басқа арнаға бағыттап, Президентті биліктен кетіргісі келді", - деді ҚР Президенті.
Қасым - Жомарт Тоқаев сондай-ақ "қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жалған ұрандатушылар мен арандатушылармен келісу - жазықсыз қаза тапқандардың әруағын сыйламау" екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы қаңтардағы оқиғалар мен ТЖ режимі кезінде екі мыңға жуық адам ұсталғанын айтты.
"Мен Бас прокуратураға олардың кінәсінің дәрежесін анықтауға және ауырлататын жағдайлар болмаса ұсталғандардың жазасын жеңілдетуге нұсқау бердім. Нәтижесінде көптеген азаматтар босатылды. Бұл ретте ауыр қылмыс жасаған адамдар заң алдында толық көлемде жауап береді", - деді ҚР Президенті.