• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті

28 сәуір, 17:03  |  Қазақстан жаңалықтары

Бүгін Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтті. Сессияға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және 550-ден астам адам онлайн форматта қатысты.

Аталған сессияны облыс әкімдігінде Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовпен бірге өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері тыңдады.

Алдымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың маңызды әрі тарихи жыл екенін атап өтті.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін жыл. 1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл – бостандық, ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін өмір сүру, жаңа мемлекет құру, оның тағдыры үшін жауапкершілік алу уақыты болды. Соның барлығын басымыздан кешіріп, көзімізбен көрдік. Енді міне, биыл 30 жылдықты атап өтеміз. 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін тағы бір іргелі таңдау жасады», - деді ҚХА-ның ХХІХ сессиясында Елбасы.

Осы таңдаулы қадам елдің ілгерілеуіне, ұлттық дамудың стратегиялық формуласының тиімділігіне, мемлекеттің қолайлы жағдай жасауына серпін берді. Қазіргі елдің қалыптасуына, қуатты әрі тәуелсіз ел болуына мүмкіндік жасады.

«Басты камертон қызметін «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деген сөзбен басталатын Конституциямыздың преамбуласы атқара алады. Бұл сөйлемнің мәні өте маңызды. Өйткені Конституцияны жазу барысында оған өте маңызды мән берген едім. Ата заң ұлтына сеніміне немесе тіліне қарамастан барлық отандасымыздың ортақ мүддесін білдіреді. Конституциямыздың 11 бабы мемлекетіміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді бекітеді, қорғайды және нығайтады. Елімізде тіліне, дініне, ұлтына байланысты белгілер бойынша қандай да бір кемсітушілікке тыйым салынады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жиын барысында Қазақстанға қатысты әлем елдерінің сенімі жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңыздылығы, оның біртұтас ел болуға, халықты біріктіретініне назар аударды.

«Қазақ халқы полиэтникалық қоғамды шоғырландыратын интеграциялық процесстердің арқауын қалыптастырды. Бүкіл әлемде солай жасалады, тіл барлығын біріктіреді. Біз еліміздегі этностардың мәдениетін, тілін дамыту үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еттік. Соның аясында қазақстандықтар ортақ мақсатымыздың және ортақ ұмтылысымыздың төңірегіне топтасты. Әрқайсысы біздің бірлігімізді, өзара құрметімізді, отаншылдық пен жауапкершілігімізді нығайтуға үлес қосты», - деді ҚХА-ның ХХІХ сессиясында Елбасы.

Отыз жылда елдің әр өңіріндегі жетекші сала өз деңгейінде дамып, өркендеп жатыр. Бұл елдің әлеуетін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға, жан-жақтан туристерді тартуға, экономиканың алға жылжуына өз септігін тигізеді. Осы ретте Елбасы Каспий теңізі жағалауының дамып жатқанын тілге тиек етті. Тіпті алдағы уақытта қазақстандық Ривьера болатынын айтты.

«Біз кәсіпорындар салып, жаңа қала тұрғызып жатырмыз. Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салатын боламыз. Мың адамға арналған бір қонақ үй әлемдегі кез келген қонақ үйден жақсы. Антальядан да жақсы. Тағы осындай 3 кешен салынып, қазақстандық Ривьера тұрғызамыз. Біз мұны пандемия жағдайында да іске асырамыз», - деді Н. Назарбаев.

Сессия соңында тәуелсіз елдің төрінде өмір сүріп, жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдері сөз сөйлеп, Елбасыға алғыс айтты. Сонымен қатар бүгін жиын соңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартып, қызметті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

«Ассамблеяны басқару өте жауапты жұмыс. Бұл – үлкен саясат. Сондықтан осы жауапты міндетті жауапкершілікпен атқарамын деп айтқым келеді», - деді ел президенті Қ. Кемелұлы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Елбасының тәуелсіз ел үшін жасаған нақты қадамдарын, жетістік жолындағы саясаты мен реформаларын, парасатты басшы ретінде қабылдаған шешімдерінің маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы алдында жаңа міндеттер тұрғанын жеткізді.

«Бүкіл қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру аса өзекті мәселе. Біз әрқашан «береке басы бірлікте» деген қағиданы ұстандық. Қазақстан 30 жылдың ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл шын мәнінде мақтан тұтарлық жетістік. Сантүрлі ұлттың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру оңай шаруа емес. Бұл табандылықты талап ететін күрделі жұмыс. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз. Бұл әрине, Елбасының арқасы. Мұны әрдайым есте ұстауымыз керек. Әсіресе, коронавирус дерті қыспаққа алған күрделі кезеңде халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз бәріміз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек. Ассамблеяның да алдында жаңа міндеттер тұр. Татулық пен келісім саясатын жалғастырып, дамыта түсу баршамыздың ортақ парызымыз. Себебі бүгіндей алмағайып заманда кез келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс»,- деп сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы татулық пен достыққа, жетістік пен жарқын болашаққа, мақсат пен міндетке, алғыс пен келісімге құралған мазмұнды пікірлерге толы болды.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

502
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Редакция туралыЭкономикаМұнайлыФотоEXPO - 2017БейнеуХабарландыруМаңғыстау жаңалықтарыанонсӘдебиетАуыл өміріӘлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Қарақияда шағын футболдан «Әкім кубогы» өтіп жатыр

    16 қазан, 18:35
    220

    «Ауыл – ел бесігі»: Жастар керуені Қарақия ауданына барды

    16 қазан, 18:24
    218

    Дәрігерлер Маңғыстау тұрғындарына тегін консультация өткізеді

    15 қазан, 16:49
    320

    «Алтын күз»: Ақтауда 30-ға жуық бала қуанышқа бөленді

    15 қазан, 14:45
    241

    Ақтаулық мектеп оқушысы барлаушы робот жасады

    14 қазан, 17:37
    265

    Бейнеу ауданы электр желісімен 100 пайыз қамтылған

    14 қазан, 14:32
    352

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»