Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті банкте.
Еске сала кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz операцияларында техникалық ақаулар орын алған еді. Банк өкілдері оны тезірек жоюға уәде берді.
Клиенттердің өз шоттарындағы ақшалары сол күйінде сақтаулы.