Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Елбасының Instagram парақшасынан мәлім болды.
«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды»,-делінген хабарламада.