Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады.
«Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін», деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Президенттің айтуынша, пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді.
«Бірақ бұл - уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.