Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Асел Батталова, Хурия Павиз, Алтын Келимбердиева және Нұрзада Ермаганбетова Виртуальды мектепке арналған видеосабақтар түсірді. Жалпы білім беру оқушыларына арналған видеосабақтар ағылшын тілі пәнінен түсіріліп, vs.nis.edu.kz сайтына жарияланды. Бұл материалдар үміткерлерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға көмек береді.
«Біздің ұстаздар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қарасты Білім беру бағдарламалары орталығына қарасты жобалық топтың мүшесі. Видеосабақтар орталық мамандарының тапсыруы бойынша түсірілді. Кейін ұстаздар ретінде бірігіп, жоспарға кірістік. Сабақ 5-сынып оқушыларына арналған», - дейді ағылшын тілі пәнінің эксперт мұғалімі Асел Батталова.
Ұстаздар сабақ түсіруді биыл ақпан айында бастаған. Бүгінде оқушыларға арналған 14 видеосабақ Вирутальды мектеп сайтында тұр. Оқушылар сабақтарды көру үшін сайтқа тіркеліп, жеке кабинет ашуы тиіс.
Мұғалімдердің айтуынша, әр сабақ жалпы білім беру мектептеріндегі оқу бағдарламасының бөлімдеріне сәйкес оқу және бекіту материалдарынан тұрады. Дәрістер видеосабақтар, аудио/видеоматериалдар, оқу құралдары түрінде берілген. Оқушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта материалды ашып, оқи алады. Ал дидактикалық материал алған білімді бекіту тапсырмаларынан (тесттер, тапсырмалар, жаттығулар), оны орындау алгоритмдері мен жауаптары тұрады.
«Қазіргі кезде камераға сабақты түсіре салу қызықты емес. Балаларға қабылдау жеңіл әрі көңілді болу үшін біз как Powtoon және iSpring Free Cam бағдарламаларын анимация үшін қолдандық», - дейді бірнеше оқу бағдарламаларының авторы Асел Сағынбекқызы.
Естеріңізге сала кетейік, Виртуалды мектеп «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқудан өтуге, өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауға және онлайн форматында қашықтықтан қорытынды тест тапсыруға мүмкіндік береді. Қорытынды тестілеу бойынша ең жоғары балдың 50 немесе одан жоғары пайызын жинаған оқушылар Зияткерлік мектептер базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.
Виртуалды және Каникулярлық мектептерде оқу оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсу үшін дайындықты бастауға, оқудың тиімділігін арттыруға, қажетті дағдыларын шыңдауға және оқуға ынталарын арттыруға көмектеседі. 5-сынып оқушыларының тіркелуі 30 наурыздан 24 мамырға дейін жалғасады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА