ЕГЕМЕНДІК ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ОҢАЙ ЖОЛМАН КЕЛМЕГЕНІ БЕЛГІЛІ. ЕЛДІҢ САНАСЫНДА 1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫ ДА ОРНЫ БӨЛЕК ОҚИҒА БОЛЫП ҚАЛДЫ. БҰЛ ДАТА ЕНДІ ЕЛІМІЗ ҮШІН ҚАСІРЕТТІ ҒАНА ЕМЕС, ҚАСТЕРЛІ КҮНГЕ АЙНАЛДЫ. СОЛ КЕЗДЕ АЛАҢҒА ШЫҚҚАН ЖАСТАР – БҮГІНДЕ ЖӨН СІЛТЕР АҒА БУЫНҒА АЙНАЛДЫ. ОСЫ АТАУЛЫ КҮН АЯСЫНДА «МАҢҒЫСТАУ» ГАЗЕТІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫ ЖАСЕР КӨШМАҒАМБЕТОВПЕН БАЙЛАНЫСҚАН ЕДІ. ЫЗҒАРЛЫ КҮННІҢ ЕСТЕЛІГІН ЕСКЕ АЛУ АУЫР БОЛСА ДА, ӨТКЕНГЕ ШОЛУ ЖАСАП, ЕСТЕ ҰСТАУ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ БОЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК.
– Ол кезде мен Алматыдағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық инсти тутының мұнай факультетінде 3 курста оқып жүрген кезім. Достарыммен пәтер жалдап тұрамыз. Сол күні сабаққа келсек, институттың қақпасы жабық, аңтаң болып жатақхана жаққа бардық. Жатақхананың есігі алдында ұстаздарымыз қолдарына қызыл шүберек байлап алып жүр екен. «Не болып жатыр» деп сұрағанымызда, жатақханадан ешкімді шығармай жатқанын, Брежнев алаңында толқу, көтеріліс болып жатқанын айтты. Жатақхана сыртында тұрып куә болғаным – бір студенттер қоқыс төгем деп шығып кетіп, алаңға бет алса, екіншісі терезеден секіріп кетіп қалды. Мәнжайды толық білген соң, біз де алаңға қарай бет алдық. Жақындай бергенімізде көргеніміз – сол кездегі Алматыдағы милиция мектебі нің курсанттары қоршау жасап, алаңға адам өткізбей тұр екен. 5060 шақты жас екпінмен жүгіріп келіп, қоршауды бұзып жібердік. Алаңда басқа оқу орнында оқитын студент достарымызды да көзім шалды. Трибуна жақтан сол кезде ел басқарып жүрген басшыларды көрдік. Олар бізге «тараңдар, кетіңдер» деп жатты. Алайда жастардың басты талабы – компартияның бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев алаңға келсін, бәрін оның өз аузынан есту болды. Өкінішке орай, ол кісінің қамауда болғанын біз кейін естідік, – деп еске алады Жасер аға сол қаһарлы күнді.
«Тараңдар!» дегенді тыңдамаған жас тардың саны қайта көбейе түскендей болады. Олар гимн айтып, талаптарын да айта бастайды. Қайтақайта трибуна жаққа ұмтылады.
– Олар 16 мен 25 жас арасындағы Алматыға арман қуып келген жастар еді. Болашаққа деген арманы да ұшан теңіз, кедергіні көрмеді. Алайда үкімет басындағылар бұл толқуды басқаша бағалады. Жастар көздерінде от ойнап, білімге, ғылымға ұмтылған қазақтың өрімдей азаматтары еді. Сол жастардың бетін қайтару үшін енді іріткі де салынды. Араға арандатушыларды қосты. Сөйтіп, Сәтбаев пен Мир көшесі қиылысындағы мемлекеттік автоинспекция көлігін қаса қана біреулер төңкеріп кетті. Қазақ телерадио ғимараты қасында 66 нөмі рімен әскери байланыс көлігі тұрған еді. Оны да біреулер итеріп, көше жаққа шығарып тастады. Өрт сөндіруге келген 23 көліктің де ісәрекетін нәтижесіз қалдырды. Ал кешке қарай жанжақтан қарақұрым әскерилер келіп бастады. Олардың өзге мемлекеттен де алын ғанын кейін білдік. Қолдарында дубинка, қалқан, бастарында каска. Мұндай көріністерді тек теледидардан шетел жаңалықтарынан ғана көретін едік. Әскерилер үкімет үйіне қоршау жасады. Мінбеге жеткен жастар енді үкімет үйіне қарай жүгірді. Талап баяғы – Қонаев алаңға келсін деген. Жастардың бетін қақса да, олар ісәрекеттерін жалғастыра берді. Үкімет үйіне қаруланған әскер қалай кіргізсін, алаңдағы студенттер құлап, бірі таяқ жей бастады, – дейді ызғарлы күннің куәгері Жасер Көшмағамбетов.
Кейіпкеріміз жастардың осындай ауыз біршілігіне себеп – білімділік, жоғары дең гейде берілген оқу сапасы деп санайды.
– Ол кезде қазіргідей ұялы байланыс, әлеуметтік желі, компьютер жоқ. Жастар кітаптан сусындайды, сосын оның бәрін ой елегінен өткізеді, рухани кештерге барады. Сол күні алаңға да ешкімді қинап шақырған жоқ. Әр адам өзі барды. Саяси кітаптарды көп оқыған сол көзі ашық жастар демократия, революция, төңкеріс ұғымдарын нақты түсіне білді.
Халық және ұлт, мемлекет пен билік ұғымдарына талдау жасай алды. Әр мемлекетті өз ұлты басқару керек деген ұстанымды басты назарға алды. Себе бі біздің болмысымызды білмейтін ұлт өкілі қалай елді басқармақ? – дейді желтоқсаншы. Желтоқсан оқиғасы тек қазақ елі үшін болған ұлтазаттық көтеріліс емес, Кеңес одағында болған барлық 15 елдің күйреуіне себеп болған күн деп санайды кейіпкеріміз.
– Қазір тәуелсіздік күні деп аталады, мен Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күнін егіз деп түсіндіргім келеді. 16 17 желтоқсан – азаттық үшін күрескен боздақтарды еске алу күні болып та саналады. Өзім қатысқан осы ұлттық қозғалыс туралы айтатын болсам – әлі де саяси тұрғыдан толыққанды баға берілген жоқ. 1991 жылы тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық деп қуанып жаттық. Бодандықпен қоштастық деп ойладық. Өкінішке орай, біз тәуелсіздік деп арқаны кеңге салып жібердік. Бірінші орынға материалдық байлық қойылды да, рухани құндылықтар – ұлттық идеология, тіліміз, салтдәстүріміз ақсап қалды. Қазір де тілімізді сақтап қала алмасақ, біз ел болып қала алмаймыз деп айтып жүрміз. Әр қазақ үшін тілін жоғалту –үлкен қасірет. Жастарға айтарым білім, ғылым қуудан шаршамаңдар, жанжақты болыңдар. Тек қазақ тілін ғана емес, бірнеше тілді меңгеріңдер. Ел байлығының ризығын қаракөз қазағымыз көрсе екен деймін. Еліміздегі әр азамат аяғын нық басып жүруіне шын жүректен тілектеспін,– дейді Жасер Серікұлы.
«Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамы 2009 жылы құрылды. Бас кеңсе Алматы облысында орналасқан. 14 об лыста филиалдары бар. Маңғыстау облысындағы филиалдың жетекшісі – Жасер Көшмағамбетов. Бөлімде 60-қа жуық адам бар. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – өткен тарихты насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру.