Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
[ 2023 ] 14 желтоқсан, 15:53 | Жаңалықтар
Құрметті салық төлеушілер! Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталатындығын хабарлайды.
2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары және дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (Активтер мен міндеттемелер туралы) 250.00 нысан салық декларациясын ұсынуға міндетті.
Декларациялауда келесі мәлімет ұсынылады.
1.Қазақстан Республикасынан шегінен тыс жерлердегі мүліктер:
- l жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері «өзен-тнңіз» жүзу кемелері;
- l көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер;
- l ҚР шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
- l Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
2. Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
- l тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрған ғимараттағы үлес;
- l бағалы қағаздар;
- l инвестициялық алтын;
- l зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
- l декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
- l банк берешегін қоспағанда, дебиторлық және кредиторлық берешек;
- l жеке тұлғаның қалауы бойынша бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, бір бірлігі үшін бағасы айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда басқа да мүлікті көрсетілуі мүмкін.
Электрондық түрде декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері
Электрондық түрде-"салық төлеуші кабинеті" мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-salyqazamat мобильді қосымшасы арқылы және қағаз жеткізгіште – келу тәртібімен мемлекеттік кіріс органдарына тапсыру қажет екеніндігін қаперлеріңізге береміз.
Декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыру қажет.
436
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.