Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Жетібай ауылдық ауруханасының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі істеліп жатқан жұмыстардың сапасын, уақытылы аяқталуы қатаң бақылауда болу керектігін және құрылыс жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктердің орын алмауын тиісті сала басшыларына тапсырған.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде «Нұр-Жол Құрылыс» ЖШС-мен шарт жасақталған. Жоба құны 756 млн теңгені құрайды, жоспар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, аудан әкімі Жетібай ауылындағы 16 пәтер салынатын аумаққа барды. Аталған үйлер «Астана» және «Мұнайшы-2» шағын аудандарынан бой көтереді. Жер орны белгіленген. Бүгінгі күні, құрылысқа қажетті материалдары әкелініп, топырақты тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.