© Фото smartnews.kz сайтынан алынды
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов елге келген соң үйленетінін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл - еліміздің гимнастикадан олимпиада ойындарында алған алғашқы жүлдесі. Гимнаст Қазақстанға келген соң ең әуелі үйленетінін айтты.
"Қызым мені күтті. Мен оған 3 жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған соң үйленеміз, шыдамды болыңыз, бәрі жақсы болады деп айтып келемін. Жоспарым ойымдағыдай орындалды, деді - Нариман Құрбанов.
Айта кетейік, тұтқалы ат жаттығуын сәтті орындағаны үшін Нариман Құрбанов 15.433 ұпай жинап, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл спорт түрі бойынша бірінші орында ирландиялық Рис Маккленаган 15.533 ұпаймен жеңіп алды.