Қарақия ауданының мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден жиған жоғары баллына көңілі толмай апелляцияға өтініш берді, хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірде ҰБТ нәтижесі бойынша аралық қорытынды тізімделген. Нәтижесінде Қарақия ауданының мектеп бітіруші түлегі Айдос Батыржанұлы ең жоғары балл жинады. Алайда ол 140 баллдық көрсеткіштің 134-не дұрыс жауап бере тұра, нәтижеге оның көңілі толмаған.
“Облыс бойынша тест тапсырғандар арасында ең жоғары балл жиған Қарақия ауданының мектеп бітірушісі апелляцияға өтініш берді. Жас түлек нәтиженің дұрыс шықпағанын айтып, өзі белгілеген тест сұрақтары бойынша нақты дәлелдерін келтірмекші. Енді сол өтініш бойынша тексеру қорытындысы 30 күннен кейін жарияланады”, - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілдері.
1 маусым күні соңғы қоңырауда Бейнеу ауданындағы Сарға ауылындағы мектеп-интернатты 2 түлек бітірген болатын. Мектеп басшылығы, бірнеше оқушының 9-сыныптан кейін колледжге түсуіне байланысты 11-сыныпта оқушы қалғанын атады.