Душанбеде өтіп жатқан Гран при турнирінде маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан 66 келіде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз алғашқы белдесуінде израильдік Даниэль Капелушниктен басым түсті. Екінші айналымда татами иесі, тәжік дзюдошысы Нұрәли Эмомалиді сан соқтырды. Ал ширек финалда ресейлік балуан, жеке бейтарап құрама атынан белдескен Мұрат Шопановқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік туды.
Жұбаныш белдесуінде С.Жұбатқан ұлыбританиялық Йонг Чарлиді қапы қалдырып, қола жүлде үшін күресуге жолдама алған болатын. Жауапты белдесуде ұлттық құрама мүшесі испаниялық Ниэто Чинарро иппонмен ұтты.
Осы салмақта күрескен тағы бір қазақстандық балуан Әнуар Жұмагелдин алғашқы айналымда моңғол балуанынан айласын асыра алмай, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.