© Көрнекі сурет baq.kz сайтынан алынды
Ақтауда автокөлікті мас күйде жүргізген «Е» есімді азамат (ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылды. Сондай-ақ 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған азамат 2022 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасап, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталған.
Прокурорлық ден қою актісінің негізінде апелляциялық сот қаулының күшін жойды. Осы құқық бұзушылық бойынша прокурормен қылмыстық іс тіркелген.
«Сот үкімімен аталған азамат Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.