Еліміздегі өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» акциясына «Ақжол Құрылыс» компаниясының қызметкерлері өз үлесін қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сенбілік іс-шарасына аталған компанияның 27 қызметкері, 3 техника жұмылдырылып, 2 тоннадай қоқыс жиналды. Тазалық науқаны Ақтау қаласының "Жылы жағажай" аумағында жүргізді.
«Таза Қазақстан» – жақсы идея. Еліміздегі тазалық апталығына барлық әріптестер қатысуға ниет білдірді. Күнделікті өмірде адамдар өзін бақытты сезінудің бір шарты – тазалық. Барлық ақтаулықтарды, қонақтарды қаламыздың жақұты теңіз жағалауын таза күйінде сақтауға шақырамыз. Мемлекет көлемінде ұйымдастырылған акцияға қатысу «ақжолдықтардың» тамшыдай болсын үлесі деп білеміз. Алдағы уақытта да қала тазалығын сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасады», - деді «Ақжол Құрылыс» компаниясының өкілі Ардақ Қатарбаев.