Ақтауда 29 шағынаудандағы №8 үйдің жанында ішімдік ішіп отырған 2 азамат полицияның бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тәртіп сақшылары келіп, қоғамдық орында тәртіп бұзған 2 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық жерде алкоголь ішкен екі ер адамды анықтап, оларға қатысты ҚР ӘҚБК 440 - бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жазылған қалалық полиция басқармасының хабарламасында.
Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБК 440 – бабында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу - 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салады.