© Сурет serke.org сайтынан алынды
Елімізде биылғы көрсеткіш бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны - 6 841 527. Оның 329 613 Маңғыстау облысында өмір сүреді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі көрсеткіш бойынша елімізде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала бар. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады.
Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%).
Өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар саны:
Абай обл. – 188 321
Ақмола обл. – 223 493
Ақтөбе обл. – 330 877
Алматы обл. – 556 114
Атырау обл. – 274 688
БҚО – 217 427
Жамбыл обл. – 465 492
Жетісу обл. – 245 056
Қарағанды обл. – 317 101
Қостанай обл. – 206 584
Қызылорда обл. – 335 399
Маңғыстау обл. – 329 613
Павлодар обл. – 205 030
СҚО – 126 424
Түркістан обл. – 927 107
Ұлытау обл. – 75 506
ШҚО – 182 714
Астана – 472 070
Алматы – 665 430
Шымкент – 497 081