Ақтауда көгалдандыру жұмыстарына арналған сыйымдылығы 750 м кубты құрайтын су қоймасы салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс барысын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов келіп тексерді.
- Өңірімізде ауыз су мәселесі өзекті тақырып болса да қаланы көгалдандыру назардан тыс қалмауы тиіс. Осы мақсатта қаладағы жасыл-желектерді уақытылы және сапалы суарып, жер асты суларын тиімді пайдалануды көздедік. Бұл су қоймасы тек бір маусымда ғана емес, жыл сайын жүйелі қолданылатын болады, - деді «Green City Aktau» ЖШС директорының орынбасары Ақжол Сандыбеков.
Мекеме мамандарының айтуынша, өткен жылы қаланы көгалдандыруға 800 - 1000 м3 жер асты сулары пайдаланылған. Биыл бұл көрсеткішті 2000-2500 м3-қа жеткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, көгалдандыруға арналған ашық су қоймасы толықтай мердігер мекеме «Green City Aktau»ЖШС қаражатына салынуда.