1. Туризмді дамыту – елді дамыту.
Туризмді дамыту арқылы еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Әсіресе, Маңғыстауда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.
Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға атсалысамын.
2. Шағын бизнесті қолдау.
Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамыған ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына әрбіріміз үлес қосуымыз қажет. Сондықтан мен осы бағытты таңдадым.
3. Жасыл қала – жасыл ел.
Менің бұл бағытым – қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға арналған. Ақтау - Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі. Бүгінгі күні қаламызда тұрғындардың саны 800 мыңға жақындап қалды. Ал болашақта Ақтауды миллион тұрғыны бар индустриалды орталыққа айналдыру — бүгіннен басталған маңызды міндет. Алайда қазір қаладағы өнеркәсіп орындары мен автокөліктердің техногенді жүктемелерін табиғи факторлармен салыстырғанда экологиялық ахуалдың деңгейі төмен екенін көруге болады. Егер қала аумағында «Жасыл белдеу» болса, климатқа біраз жеңілдік болар еді, алайда бүгінгі күні шаһарда жасыл желек аз. Сондықтан қазіргі таңда қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек алаңдарын ұлғайту, қорғау мақсатында нақты шаралар қабылданып, жасыл желектерді қорғау талаптарын күшейтуіміз қажет.
4. Халық үні – менің үнім!
Басты мақсат – халықтың үнін билікке жеткізу. Бұрынғымен салыстырғанда қазір билік пен халықтың арасында байланыс бар. Биліктегілер халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құруда. Дегенмен, кейбір кездерде қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап тілегі жоғарыға жетпей жатады. Ал, халық ұсынысын тиісті орындарға жеткізу – депутат қызметінің басты бағыты. Сондықтан жерлестерім көтерген мәселелердің шешімін табуға атсыламын.
5. Жастарды қолдау – болашақты ойлау.
Жастарды қолдаудағы негізгі бағытым –жастардың рухани, мәдени дамуын, білім алуын, кәсіби білімін арттыруын, құқығын қорғау, заңды мүддесінің жоғары тұруы мен шешім қабылдау үдерістеріне атсалысуын реттеп олардың жағдайын жақсарту. Өйткені жастар – ел дамуы мен болашағының стратегиялық ресурсы.
Е.Н.Байжігітовтың сайлау қорының қаражатынан төленді