«Қаражанбасмұнай» АҚ кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті болып Асқар Рзаханов тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа Вице-президентті ұжымға компания Президенті Ли Тецян таныстырды. Өз кезегінде Басқарма төрағасы Асқар Киікбайұлына табыс тілеп, жұмыстарды атқаруда сәттілік тіледі.
Асқар Рзаханов 1961 жылы Маңғыстау облысында туған. 1984 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2001 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын өндірісте бастап, кейіннен облыстық жастар ісі, ақпарат және қоғамдық келісім, ішкі саясат басқармаларының басшысы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бойынша орынбасары, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бойынша орынбасары, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры, Маңғыстау облысы әкімінің аппарат жетекшісі лауазымдарын атқарған. «Қаражанбасмұнай» АҚ кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалға дейін «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС директоры болып еңбек етті.