Ақтау қалалық әкімдігінің, "Өрнек" сән үйінің қолдауларымен "Шуағыңды шаш" ҚБ ұйымдастыруымен "Шуағыңды шаш" Аналар фестивалінің тігін және кондитерлік өнімдердің жәрмеңкесі және шеберлік сағаттары өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жәрмеңкеге көп балалы және жалғызбасты аналардың тауарлары қойылған. Аналардың қолдарынан шыққан жастықтар, көрпешелер, ұлттық киімдер мен дәмі тіл үйірер тәттілер қала тұрғындарына арзан бағамен сатылып жатыр. Жәрмеңке кешке дейін жалғасады. Айта кетейік, жәрмеңке Ақтау сауда ойын-сауық кешенінде өтіп жатыр.