Бүгін ақын Фариза Оңғарсынованың есімі Ақтау қаласының №29 мектебіне берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева мен ақынның сіңлісі Алмагүл Оңғарсынова қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар Фариза Оңғарсынова туралы естеліктер айтып, жылы лебіздерін жеткізді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89697,89698,89710"] Мектепте ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған кабинет бар. Кабинетте оның жинақтары мен қызмет жолында жарық көрген мақалалары топтастырылған. Одан бөлек бұл кабинеттегі QR код арқылы әлеуметтік желілерде ақынның шығармаларымен етене танысуға болады. Сондай-ақ, білім ордасының мамандары Сәтжан Жоламанқызы мен Биғайша Маңғыстауқызының картинасы ерекше көзге түседі. Оны авторлар "Маңғыстау құшағындағы Фариза" деп атаған. Мектеп роботехнигі мен оқушылардың арнайы дайындаған "Ертемір" роботы кабинетте гид қызметін атқарады. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89705,89707,89704,89699"] - Мектепке Фариза Оңғарсынованың атын беру оның аруағына деген тағзым деп ойлаймын. Сондықтан осында білім алатын өскелең ұрпақ ақынның шығармашылығы мен бар жақсылығын бойына сіңірсін деп тілектестік білдіреміз, - дейді мектеп директоры Жайна Аманжолқызы. Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Елі ардақтаған ақын қыздың тың туындыларын мектеп оқушылары жиылған қауымға әсерлі жеткізді. Одан кейін жастар орталығында "Поэзия падишасы - Фариза" атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, облыстық ғылыми-методикалық орталығында "Қыз ғұмыры" атты мәдени концерті өтті. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89701,89700,89702,89703"] "Маңғыстауда өзімді патшадай сезінемін" деген Фариза ақынның енді әулиелі өлкеде "өз үйі" бой көтергендей.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[embed]https://youtu.be/Gx5RzCJN5T8[/embed]