Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды.