Көпбалалы аналар Ақтау қаласы әкімінің бастамасымен 8, 10 қараша күндері Н.Жантөрин атындағы драма театрының қойылымдарын тамашалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Алғашқы "Перзентхана" қойылымына 50, "Бір түп алма ағашына" 70-ке жуық ана қатысты. "Ақжүніс" аналар қоғамы және "Шуағыңды шаш" ҚБ ұйымдастырған рухани демалысқа Маңғыстау облыстық әлеуметтендіру орталығы демеушілік етті. Көрермен аналар мен балалар өмір иірімін боямасыз сахналаған театр актерлеріне тәнті болды. Әзіл-мұңы аралас қойылымнан шыққандар өзара алған әсерлерімен бөлісіп жатты. - Қойылым өте жақсы болды. Ұйымдастырып, біздерді театрға шақырғандары үшін ұйымдастырушылар мен демеушілерге ризамыз. Күшті әсер алдым. Театрға ара-тұра келіп тұру керек екен, - дейді көпбалалы ана Сабира Жайлы.