Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шаралар жоспарға сай жиі өткізіліп тұрады. Осыған орай, 2019 жылдың 04 қазанында Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник М.Тастановтың басшылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел (круглый стол) өткізілді. Бұл жиынға Ақтау гарнизонының әскери полициясының өкілі майор М.Лесев және полиция департаментінің өкілі майор К.Нысанбаев қатысып, жеке құрамға және шақыру комиссиясында жұмыс атқаратын қызметкерлерге, дәрәгерлерге жемқорлыққа қарсы күрес туралы толық көлемде мағлұмат беріп, соның салдарынан болатын жағдайлар туралы сұхбат жүргізілді. Аталған жиын өте жоғары деңгейде өтіп, барлық сұрақтарға толық көлемде жауап берілді. Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет . Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сол себептен жемқорлыққа жол бермейік.
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті