А.ж. тамыз айының 26-ы күні Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының м.а. облыс тұрғындарымен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында департамент басшысының м.а. Бекболат Жуматайұлы Колумбаев сот актілерін орындау саласы бойынша 2016 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстары мен алға қойылған басым міндеттері, атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамалық жаңалықтар, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Келісім – шарттарды орындау» индикаторы, Ұлт жоспарының 27-қадамы, облыстағы жеке сот орындаушылар институтының дамуы және атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индикаторларын көтеруге бағытталған тиімді шаралар мен еліміздің бәсекеге аса қабілетті отыз мемлекеттің қатарына кіру мақсатында мемлекет пен қоғамның алдына қойылған стратегиялық жоспарларының орындалысына көңіл бөлді.
Кездесу соңында департамент басшысының м.а. кездесуге қатысқан азаматтардың қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.
Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі