Күздің алғашқы мерекелік күнінде жаңаөзендік жас дарынды балалар үшін қуанышты жаңалық орын алды. Қаламыздан алғаш рет жаратылыстану бағытында тереңдетіп оқытатын «Дарын мектебі» ашылды. Биылғы оқу жылына тамыз айында өткен іріктеу кезеңнен озық шыққан 150 бала қабылданған.
– «Дарын мектебі» білімді, тәрбиелі және үш тілді озық меңгерген шәкірт тәрбиелейтін білім ордасы болады деп сенеміз. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Жаңаөзен қаласы әкімдігімен ашылып отыр. Биыл 25 баладан 6 сынып ашылды» - дейді «Дарын мектебі» КММ-нің директоры Анастасия Бертілеуова.
Жаратылыстану бағытындағы мектепке балаларды 6-шы сыныптан бастап қабылдайды. Биыл 7-ші сынып оқушылары да қоса қабылдарған. Мұнда физика, химия, биология, матеамтика, информатика пәндері тереңдетіліп оқытылады.
Жаңаөзен-Ақпарат