Ақтауда 9-10 тамыз күндері "Каспий күні" мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Шара барысында оператор компаниялар мен басқа да ұйымдардың теңіз қоқысына қарсы күрес шаралары туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, қоқыс мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар талқыланды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84037,84038"] 10 тамызда жергілікті тұрғындардың қатысуымен жағалауда орналасқан елді мекендерде, кәсіпорындарда, демалыс орындарында, балық шаруашылығы учаскелерінде, "Адамтас" қаумалында теңіз жағасын тазалау шарасы өтті. "Су бастамалары орталығы" қоғамдық қоры теңіз қоқысы мәселелеріне арналған ақпараттық плакаттар дайындады. Аталған плакаттар мектептер мен жоғары оқу орындарына, ірі сауда орындары мен туристік компанияларға таратылды. Мерекеге орай жастар арасында велошеру ұйымдастырылды. Оған 60-қа жуық велоспортшы қатысты. Олар 4 км қашықтықты жүріп өтті. 15 шағынауданнан басталған шеру 7 шағынауданға дейін жалғасты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" td_gallery_title_input="Суреттерді «Тағылым» жастар қоғамдық бірлестігі ұсынды" ids="84040,84041,84042,84043"] Каспий күні мерекесінің шараларын Маңғыстау облысының әкімдігі Тегеран конвенциясының Хатшылығы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және "Су бастамалары орталығы" қоғамдық қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздік конвенция 2006 жылы 12 тамызда күшіне енген еді. Аталған конвенция Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешу үшін күш біріктіруге және елдер арасындағы бір-біріне деген сенімділікті нығайтуға ықпал етті.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН