2-4 тамыз аралығында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы спартакиадасының финалдық ойындары өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл ойында Алматы, Атырау, Ақтөбе және жергілікті Маңғыстау облысының командалары бақ сынайды. Спартакиадаға 60-қа жуық ойыншы қатысып жатыр. Ойын барысында ерлер арасында 9, әйелдер арасында 6 команда додаға түседі. Ақтық ойындарға бірінші және ұлттық дәрежедегі 10 төреші төрелік етеді. Ал, бұл спартакиада Маңғыстауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаз топ 2020 жылы Жапон елінде өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдама алады. - Ойындар 3 күнге созылады. Ақтық ойындар мен марапаттау шарасы 4 тамыз күні өтеді. Жалпы Алматы облысының және Маңғыстау облысының қыздар тобы жақсы дайындықпен келген. Осы екі топ финалда кездеседі деп ойлаймын, - дейді МО жағажай волейболынан аға жаттықтырушысы Нурлан Конилкос. І орынды иеленген топ ҚР спорт шебері атағын алады. Ал, ІІ және ІІІ орын алған командалар ҚР спорт шеберіне үміткер атанады.