Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» (ТР 2018 жылдың 18 ақпаны күні енгізілген, 2019 жылдың 18 қазанына дейін өтпелі кезең орнатылған) және «Балалардың ойын алаңдарына арналған құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері (ТР 2018 жылдың 18 қарашасы күні енгізілген, 2020 жылдың 1 маусымына дейін өтпелі кезең орнатылған) қабылданған. Аталған техникалық регламенттерді бейімдеу үшін, яғни енгізу үшін ұлттық деңгейде аттракциондарды тіркеу, есепке қою, пайдалануға беру және техникалық куәландыру ережелерін реттейтін актілер қажет. Осындай құжаттардың негізі ретінде – ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты дайындалып 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Стандартты Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті дайындаған. Бұл стандартта ҚР «Стандарттау туралы» Заңының және Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптары жүзеге асырылған. ҚР СТ 3359-2019 ұлттық стандарты халықтың демалуына арналған келесі аттракциондарға қатысты қолданылады: - механикаландырылған үдемелі қозғалыс аттракциондары (оның ішінде суды пайдалана отырып); - механикаландырылған айналмалы қозғалыс аттракциондары; - күрделі қозғалыстағы механикаландырылған аттракциондар; - автодромдар мен картингтер; - механикаландырылмаған аттракциондар; - балаларға арналған аттракциондар; - үрлемелі аттракциондар (үрлемелі жабдықтар: үрлемелі батуттар, төбешіктер, лабиринттер). Стандартта келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар, аттракциондар мен үрмелі жабдықтардың техникалық құрамына және апатсыз пайдаланылуына қатысты талаптар орнатылған. Бұл стандартты меншік нысанына қарамастан, аттракциондарды пайдалануды жүзеге асыратын барлық субъектілер қолданады. Стандартта қандай талаптар орнатылған? - Аттракциондарды есепке қою, пайдалануға беру және техникалық куәландыру; - Техникалық және қызмет көрсететін персоналға қатысты талаптар; - Аттракциондарды пайдалану; - Монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; - Аттракцион кешені аумағына қойылатын талаптар; - Үрлемелі жабдықтар; - Жабдықтарды пайдалану; - Аттракциондарды сақтау; - Аттракциондарды қауіпсіз пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілікке қатысты талаптар көрсетілген. Пайдаланылатын аттракциондардың қауіпсіздігіне жалпы басшылық пен жауапкершілік меншік нысанына қарамастан, пайдаланушы ұйымдардың иесі немесе басшысы атқарады, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкес қауіпсіздік жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүргізу жолымен аттракциондарға келушілер мен қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аттракциондар белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алғанға дейін жергілікті атқарушы органдарда есепке қойылуы қажет. Елді мекендер шекарасы шегінде аттракциондардың қауіпсіз пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Аттракцион барлық пайдалану мерзімі ішінде толық, кезеңдік және ішінара техникалық куәландырылуға жатады. Техникалық куәландыру - аттракционның пайдалану құжаттарына сәйкестігін анықтау және аттракционның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін жай-күйін анықтау мақсатында техникалық жай-күйінің диагностикасы. Ұлттық стандартта Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорынан қарап онлайн режимде танысуға болады. Ұлттық стандартты міндетті пайдалану аттракциондарды қауіпсіз пайдаланудың нақты ұйымдастырушылық және техникалық талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.