Өңірдегі балық өндіретін бекіре зауытының ашылғанына биыл 5 жыл толды. Бұл мерейтойды зауыт ұжымы көптеген жетістіктермен қарсы алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Балық шаруашылығын дамытып отырған зауыт 2014 жылы астана күні қарсаңында 5 шілде күні іске қосылған еді. Алғашында фермада бекіре тұқымдас балықтың үш мыңнан астам түрі болған. Зауытқа Алматы қаласындағы балық шаруашылығы институтының және МО әкімдігінің, МО ауыл шаруашылық басқармасының тарапынан қолдау көрсетілген. "Kazakh Osseter" директорының айтуынша, ферма "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған.
Тұрсынгүл Жақыпова үздіксіз ізденіс пен іскерліктің арқасында аймақтағы балық шаруашылығы ісін дөңгелетіп отыр. Кәсіпкер бизнес-жоспар құрып, оны іске асыру үшін 4 жыл бойы жұмыстанған. Бұл күнде кәсіпорын бір жыл ішінде 4 тоннадай балық өндіруге қауқарлы. "Kazakh Osseter" кем дегенде 500 кг балықты Ресейге экспорттайды.Балықтан балық шығару оңай емес әрине, бірақ сол қиындықтың бәрін жеңіп инемен құдық қазғандай еңбек етіп жатырмыз. Ұжымдастарым балық шаруашылығы жөнінде арнайы білімі болмаса да, өздігінен ізденіп зауыттың дамуына үлес қосып жүр. Қазіргі уақытта жұмыссыздықты жою мақсатында 20 адам жұмыс жасап жатыр. Астана күнімен тұспа-тұс келген 5 жылдық мерейтой біз үшін өте маңызды. Қиын кезеңдер болса да Елбасының, ел ағаларының сенімін ақтау үшін табандылықпен еңбек ету үстіндеміз. Алғашында 2 кг болған балықтарымыздың салмағы 17 кг-ға дейін жетті. Бұл үлкен еңбектің арқасында келген жеңіс, - дейді "Kazakh Osseter" кәсіпорнының директоры Тұрсынгүл Жақыпова.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ суретті түсірген Саби МАЙЕМЕРОВ