"Абай" атындағы мәдени-демалыс кешенінде облыс әкімінің қатысуымен ел астанасы күніне арналған "Еңселі - Елорда" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сондай-ақ, өңіріміздің өнер майталмандары көрермен қауымға әсем ән шырқаса, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр әртістері поэзиялық композиция оқыды. 2009 жылы Елорда күні - республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде тойланды. 2008 жылы Парламент Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдап, оған тұңғыш Президент Н. Назарбаев қол қойғаннан кейін шілденің 6-сы - Астана күні жаңа мемлекеттік мереке болып белгіленген болатын еді. Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді.Осыдан 20 жыл бұрын Сарыарқаның төріне астанамыз көшіріліп, заманауи заңғар шаһарда іргетасы қаланған болатын. Астананың салынуымен қазақ халқының жаңа дәуірі басталды. Аз ғана уақыт ішінде жаңа астана Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, рухани өрлеуіміз бен экономикалық дамуымыздың қозғаушы күшіне айналды. Былтыр бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Оған маңғыстаулықтар да үн қосып, әсем ғимарат "Достық үйін" тарту еткені ел есінде. Бүгінгі астанамыз барлық қазақстандықтардың ортақ жемісі. Еліміздің құтты мекені, ел тірегі Елорда күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!, - деп аймақ басшысы Серікбай Трұмов жүрекжарды тілегін жолдады.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
[embed]https://www.instagram.com/p/Bzi91Y3BZbz/?igshid=1qe948zohwx5z[/embed]