"Шораға" батып кеткен 25 жастағы Серік Толбайдың денесі табылды. Ал 10 жастағы баланы іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Мәйітті бүгін шамамен 11:00-де туыстары тапқан. Суға батқан Мұнайлы ауданы тұрғынының мүрдесі "Шора" каналының маңынан табылған. Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні "Шора" каналы арнасында үш адам суға батқан еді. Сол уақытта 21 жастағы әйелді полиция қызметкері құтқарған. Ал 25 жастағы ер адамды және 10 жасар баланы іздестіру жұмысына құтқарушылар тобымен қоса, еріктілер де жұмылған еді.