Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Онколог-дәрігерлер бүйректегі ісіктерді анықтау үшін тегін тексеру жүргізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Онкологтардың айтуынша, бүйрек обырының үш негізгі түрі бар. Бүйрек-жасушалық обыр ересектерде кең таралған түрі болып табылады, ал Вильмс ісіктері балаларда кең таралған. Ұзақ уақыт бойы темекі шегу және кейбір ауыруды басатын дәрілерді қабылдау ересектерде бүйрек обырының даму қаупіне әкеліп соғуы мүмкін. Кейбір тұқым қуалаушылық ауытқулардың бүйрек обырының даму қаупін арттыратын мүмкіндігі жоғары. Бүйрек ісіктері қатерсіз немесе қатерлі болуы мүмкін. Бүйрек обырының даму қауіп факторлары мыналарды қамтиды: Темекі шегу. Ұзақ уақыт бойы кейбір дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау. Артық салмақ. Жоғары қан қысымының болуы. Бүйрек обырының отбасылық тарихының болуы. Фон Хиппель-Линдау ауруы немесе бүйректің тұқым қуалайтын папиллярлы карциномасы сияқты белгілі бір генетикалық жағдайлардың болуы. Тексеру жүргізу үшін тұрғындарға өзімен бірге жеке куәлігі және амбулаторлық картасы болуы қажет. Қабылдау 29 маусым күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансер ғимаратында өтеді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ