©
Қасым-Жомарт Тоқаев митингтер кезінде кездейсоқ болғандар мен кінәсіздерді босатуға тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет", - деді Президент. Айта кетейік, бұған дейін ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы 9-10 маусымдағы заңсыз митингтер кезінде 700-ге жуық адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы қазақстандықтарды заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға шақырды."Осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауаптылық шараларын қолданады", - делінген Бас прокуратураның үндеуінде.