ҚР Энергетика министрлігі «Қаламқас» кен орнының №8237 ұңғымасындағы төтенше жағдайға орай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«2019 жылдың 13 наурызында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алды. Аталған факті бойынша Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасы мен Маңғыстау облыстық экология департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ-ға қатысты тексеру тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі шара қабылдайтын болады», - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. https://www.youtube.com/watch?v=oqrem12h1Zw Қазіргі уақытта оқиға орнында «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ, «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС басшылығы, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасының өкілі жүр. Сонымен қатар оқиға орнынан Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы орталық аппаратының өкілдері келген. https://youtu.be/JvXcW1zRxrM «2019 жылдың 24 наурыздағы жағдайға сәйкес мұнай атқылап жатқан жоқ. Төтенше жағдай салдары осы жылдың 24 наурызы күні кешке аяқталады деп күтілуде. ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық аумақтық департаментпен бірге "Қаламқас" кен орнындағы апаттық жағдайды тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар апаттың себептерін және әрекеттері апатқа себеп болған тұлғаларды анықтау тапсырылды. Апатты тексеру комитеттің бақылауында тұр», - делінген таратылған ақпаратта. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жазатайым оқиғаны тергеу барысы Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бақылауында. https://www.youtube.com/watch?v=9f5KNzzZFcw "Апат салдарын жоюмен «Si Bu» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады", - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.