©
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасын жымқырған деген күдік келтірілген. "Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Күдікті қазақстандық құқық қорғау органдарының болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде экстрадицияланған. Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.