Кендірліде бір балықшы суға батып кетті. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 қыркүйек күні сағат 15:50-де Кендірлі жедел құтқару жасағының басшысы К.Лұқманов МО ТЖД-не қоңырау шалып, Кендірлі демалыс орнынан 40 шақырымда Түркіменстан шекарасына қарай ашық теңізге екі балықшы балық аулауға қайықпен шығып кеткен. Содан қайыққа су кіріп, бір балықшы өз күшімен теңіз жағасына жеткенін хабарлаған.
Сағат 16:00-де екінші балықшыны іздестіру үшін Кендірлі жедел құтқару жасағының құтқарушылары К.Лұқманов, А.Байгубенов, К.Адыров «Виндовит» моторлы қайықпен оқиға болған орынға кеткен.
Осылайша 57 жасар Жаңаөзен қаласының тұрғынына іздестіру жұмыстары сағат кешкі 19:15-ке дейін жүргізілген. Іздеу шаралары нәтижесіз болып, ауа райына байланысты тоқтатылған.Баспасөз қызметінің айтуынша бүгін таңғы 05:25-те Кендірлі жедел құтқару жасағының басшысы К.Лұқманов қоңырау шалып оқиғадан бір шақырым жерден Жаңаөзендік тұрғынның өлі денесі табылғанын хабарлады.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Сурет ustinka.kz сайтынан алынды