Кеше маңғыстаулық танымал ұстаз Ордалы Қосаймен «Ұлттық код – руханият өзегі» тақырыбында онлайн семинар өтті. Кездесуге Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ордалы Қосай «Қазақ халқының ұлттық болмысы – рухани коды» танымдық формуласын таныстырды. Ол ұлттық кодтың 7 қасиетін тізіп айтты:
Соңғы бодандық дәуірінде жоғалған, ұмыттырылған өмір салтымызға қайта оралу, тамырымызға оралу қажеттігі туындады. Ол ұлттың болмысы, ұлттың ерекшелігі – Ұлттық кодтың ұлы қасиеттеріне қайта оралу еді. Атап айтқанда, ұлттық кодтың қазақилық 7 қасиетіне оралуды аңсайды. Олар:
Ордалы Қосайдың айтуынша қазір сананы әдет билеп кетті. Ол қазір адамдар көршісі мен туысы не істесе, жарысып, қалмаудың қамын істейтін болды деген пікірін айтады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен жер- Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың аражігін ажырата алмай барамыз. Мәселен, тұсау кесу, шілдехана, бесік тойы, беташар тойларын жасап жатамыз. Бұрын келін түскен шаңырақта бет ашылып, болашақ жұптың бөлмесінен иіс шығарып, бата берген емес пе? Бірақ сол дәстүрдің бәрі мейрамханада өтіп жатыр. Қазір бар малымызды шашып, салт-дәстүрді сақтап отырмыз, бірақ әдет өзгеріп кетті. Кеңес қоғамы бізге «Сананы тұрмыс билейді» деп үйретсе, қазір Сананы әдет билеуде, - деген ойын ортаға салды О.Қосай.
https://youtu.be/S0CXiYNHq5QТанымал ұстаз Ордалы Қосай қазақтың жады ерекше есте сақтау қабілетіне тоқталды. «Алты ай жырлап «Қырымның қырық батырын» тауыса алмаған Мұрын жырауды көрмесек те естідік. Жазба мәдениетіміз кемшін болса да, бабадан балаға дейін жетіп отырған, ауыздан-ауызға көшіп отырған қазақтың Жады неткен ғажап еді?!» - деп сүйсінді ол.
- Онлайн семинарды өткізудің форматы ерекше, ауқымы кең. Дәріс тек бір аудиторияда ғана өтіп жатқан жоқ, өзге облыстағы жоғары оқу орындарының мамандарына да жетіп отыр. Тақырып қызықты болса, басқа оқу ордалары еліміздің қай түкпірінде отырса да, қызықты талқылауларды тыңдап, өз пікірін айта алады. Ұлттық кодты жасақтап отырған өңірімізге белгілі азамат – Ордалы Қосай. Бұл код үлкен нәтиже күттіреді. Абай айтқан толық, кемел адамның бүкіл жиынтық болмысы осы танымдық тұжырымдамадан көрінеді, - дейді Ш.Есенов атындағы КМТИУ ұстазы Шолпан Сапарбаева.
Кездесу соңында О.Қосай жастарға білім алу қашан да аздық ететіндігін айтты:
- Ой мен еңбек адамзатқа тән. Ой мен еңбек бірігіп, қазақтың жады – сананы қалыптастырады. Сана ғылым мен ілімге, ғылым білім мен өнерге бөлінеді. Өнердің шегі жоқ, тас өнері, сәулет өнері, зергерлік өнерді алып қарасақ, шексіз. Студенттерге айтарым, білім алу қай кезде де аздық етеді. Білімді алған соң білік болып қалыптасуы керек.
Айгүл ДӘДЕН Бейнежазбаны түсірген автор