©
2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы 4 556,6 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Абдықадыров баяндады.
Бүгінде Маңғыстау облысы әлемнің 89 елімен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырады, оның ішінде 37 елге тауар экспорттаса, 86 елден импорттайды.
«2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы 4 556,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өскен. Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 4 006,6 млн. АҚШ долл. құрады. Сондай-ақ 2018 жылға қарай аймақ бойынша тауарлар экспорты 28,7 млн. АҚШ долларын құрайды деп күтілуде», - деді Т. Абдықадыров.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақжүніс Иманбаева: «Өсімдікті жерсіндіру бір күндік жұмыс емес»Кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін 2017 жылы "Қазазот"АҚ "Экспорттаушы-2020" желісі бойынша жалпы сомасы 6,0 млрд. теңге жеңілдікпен (9,0%) несие берілген.
"Ақ-бидай" Астық терминалы "Экспорттаушы-2020" бағдарламасы аясында "шетелдегі инвестицияларды сақтандыру" құралын пайдаланды. "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде" "Қазазот" ЖШС индустриялық-инновациялық жобаны әзірлеуге және сараптауға арналған жоспарын жасақтауға жұмсалған 3 млн. теңге шығынын мемлекет өтеді. "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде "Arcellor Mittal Products Aktau" АҚ құзыреттілігін арттыруға жұмсалған 14 млн. теңге шығындарын мемлекет өтеген.