Бүгін жылдағыша православие діни салт-жоралғылардың бірі - шоқыну мерекесі атап өтілді. Тұрғындар жыл сайын қыстың суығына қарамай Каспий теңізіне шомылуды дәстүрге айналдырған. Бүгін де православие дінін ұстанушылар бұл әдеттен жаңылған жоқ.
«Крещение Господня» діни мейрамына орай Ақтау шіркеуінде Құдайға құлшылық ету рәсімі жоспарланған.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар департаменті мамандары бұл ерекше күні теңізге түсушілер алдымен қыздырынып алуы керектігін айтқан. Қыстық қалың киім киіммен емес, теңізге түсетін костюммен денені қыздыру керек дейді олар.
Сондай-ақ, мамандар 20 секундтан артық су астында отыру ағзаға зиян екендігін, ішімдік ішіп суға түсу денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігін ескертіп, арнайы дайындалған орындарда шомылуға кеңес береді. - Жүрекке қатты салмақ түсіп кетуі мүмкін, суға түскенде абай болу керек, - дейді тұрғындар.
Діни жоралғы жасалып жатқан кезде төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, жедел жәрдем, судан құтқарушылар қоршап тұрды.
Әр православиелік мерекесінде көптеген салттар мен көпшілік мақұлдаған тәртіп ережелері бар. Шіркеу оқиғаларының маңыздысы Құдайға Шоқыну мерекесі болып табылады, оны Русьта жыл сайын 19 қаңтарында атап өтеді. Бұл бастапқы христиандық мерекесінің бірі. Осы салтанатты күні, діндегілердің түсінігінше, Құдайкөрінісіне аталынған, Аса қасиетті үшеуі әлем алдына келеді: Құдай Әке (Шоқындыру), Құдайдың Ұлы (Иса Пайғамбар), Қасиетті Рух (көгершін). Құдайға Шоқыну мерекесінің негізгі маңызы – Ұлы су үшкіру. Көл немесе өзенде ойық (иордань) қазады, дін қызметшісі дін жорасын жасайды және үш рет кресті суға батырып су үшкіру етеді. Содан кейін православиелік христиандар крест батқан суден шоқынған суды алады, ол мейір, барлық күнәдан тазарту символы болып саналады.
Нағыз орыс ұлттары үшін суға сүңгу ол құдайдың ақбатасын және емдік күш алу болып саналады, сондықтан илануға сәйкес үшкірген су барлық күнәдан және аурулардан арылуға көмектеседі.
Кейде осы шіркеу мерекесі суық мезгіліне түсетініне қарамастан теңіз жанына барлық отбасы мүшелері жиналады. Осы ызғарлар – шоқыну аязы деп аталады. Мұздай суда шомылу әрбір адам үшін қауіпті, әсіресе бала ағзасы үшін. Сондықтан ата-аналар шоқыну кезде суға түсуде балалардың қауіпсіздігі туралы ұмытпағандары жөн.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="46734,46735,46736,46738,46739,46741,46742,46743,46745,46746,46748,46749,46750,46747,46744,46740"]