Кеше "Арман" жастар орталығында Маңғыстаудың белсенді жастары облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовпен кездесті.
- Қазіргі заманда біз тек бір-бірімізден мін іздейтін болып кеттік. Біреудің жақсылығынан гөрі, жаманшылығын, жалаңаш түскен суретін, қате айтқан сөзін елге паш етуге құмармыз. Мін дегеннен шығады. Светқали Нұржанның айтқан мынадай әңгімесін сіздерге айтып берейін. Заманында Сырым Датұлы Маңғыстау еліне бір дауды шешуге келіпті. Бір ауылдың шетіне тоқтап атын байлап, топай ойнап жатқан 5-6 баланың жанына барып:
- Ей, балаларым, осы елдің ақсақаланың үйі қай жерде? - деп сұрайды.
Сонда 6 жасар бала басын көтеріп:
- Ей, аға! Сақал-мұртыңды күнге қырыққансың ба, ауылдың ақсақалының үйі ауыл төрінде болмайтын ба еді, - деп жауап беріпті.
Кішкене баланың тапқырлығына риза болған Сырым:
- Мынау кіп-кішкентай бала ма десем, ат басындай алтын ғой, - деген екен.
- Әкеміз нұрдан, шешеміз будан жаралғанда, алтын болмай не бопты, - дейді бала.
- Дегенмен, бойыңда шот басындай бір мінің бар екен, - дейді Сырым.
- Аға, "қараңғының ісі - қапырық" деген, бәріміз қараңғының жемісіміз. Әкем от басында жасағанда, мүмкін шот басындай мін кеткен шығар, - дейді жұлып алғандай бала.
Бұл жауаптан соң, Сырым жанындағыларға қарап: "Адай деген елдің 6 жасар баласы мынадай әңгіме айтса, 60-тан асқан ақсақалы не демейді?! Қой, бұл елмен дауласпайық!" - деп ат басын келген жаққа қарай бұрыпты.
Бұл әңгімеден не түйдік? Біз жанымыздағылардан шот басындай мін іздегенше, өз мінімізді жөндейік. Реті келсе, жақсылығын айтайық. Жамандықты кез келген адам айта алады, ал жақсылықты айта білетін адам аз, - деген түйін айтты Мақсат Сқақов.
https://youtu.be/-1hHhGkNcgcСонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желіде дау туғызған әнші Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысты пікірін де білдірді.
- 3-4 күндікте Төреғали Төреәліге қатысты әлеуметтік желіде үлкен дау болды. Бір пенденің жіберген кішкене қателігін бүкіл әлемге жар салып, дау-дамай туғызу қажет пе еді? Бүкіл ел болып, халық болып, түкке тұрмайтын болмашы нәрсені талқылайтындай деңгейіміз тым төмен емес еді ғой?! Неге біз біліммен, еңбекпен таласпаймыз? Неге біз ғарышпе таласпаймыз? Неліктен теңіз астындағы маржандарды білуге құмартпаймыз?! Мен Төреғалиды қолдап жатқан жоқпын. Бірақ ел болып айтысуға тұрмайтын тақырып екенін айтқым келеді, - деді ол.
Кездесу соңы 2017 жылы Маңғыстаудың жастар саясатын жүргізуге атсалысқан азаматтарды марапаттауға ұласты.
https://youtu.be/fw5sltn5xc4Атап айтқанда, облыстың қоғамдық-саяси өміріне, жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысқан жастар ұйымдарының басшылары, блогерлер, мекеме басшылары, жас мамандар кеңесі, жастар істері жөніндегі комитеттерінің өкілдері алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында "Ақ жол-жастар" жастар қанатының жетекшісі Исаева Әлия және "Ақ жол-жастар" жастар қанатының әуесқой әртістері Рамазан Тансықбаев, Ғазиз Ізтұрғанов та болды.
Айгүл ДӘДЕН Суреттер Маңғыстау жастар ресурстық орталығынан алынды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45680,45681,45683,45684,45685"]