Алматылық Шұғайып Сезімханмен айтысқа түскен Мэлс Қосымбаев Маңғыстаудағы киелі жерлерге апаратын жолдарды жөндеу мәселесін көтерді. Атамыздың жолдары асфальтталса, Бекетке бергендерге Бекет берер, - дейді Мэлс Қосымбаев.
Ол Аламан айтыстың елімізде өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Жүрсін Ерманды "Айтыстың Абылайына" теңеді.
Шұғайып Ермановтың первый замы, Бүгінгі айтысымды сәнді ете ме? Айтыстың Абылайы Жүрсін деген Алдында дірілдейтін әр мекеме. Өшіп-өніп бірдеңе деп жатпаса, Мен сенің тиіспеймін зам бөпеңе.
Қарсыласы Шұғайып та қарап қалмады. Сахнаға Мэлс шапанын шешіп, көйлекшең шыққанын айтып, әзілдеді. Ал бұған Мэлс Қосымбаевтың да жауабы дайын:
Шапанды шешіп шықсам айып па екен, Көресің белгісіндей сен дүрейдің. Шырқыған олимпиада шыңдарында, Көйлекпен көк байрақтай желбіреймін.
Ақындарға маңдайыңнан сүйгізерсің, Басыңа бақ дәулетті үйгізерсің. Бір Алла шапағаты болсын бізге, Әулие ниетіңді игізерсің. Алдыңа шығып тұрған ақындарға Шапалақтың шапанын кигізерсің, - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Мэлс Қосымбаев 30 қараша күні Маңғыстауда өткен аламан айтыстан бас жүлде алды. Бас жүлде иегерлеріне Маңғыстау ұйымдастырушылары 3 миллион теңге үйлестірді.
https://www.youtube.com/watch?v=ppvJFX3PbE4&feature=youtu.beАйгүл ДӘДЕН Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН