©
25 қараша күні Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылында теміржол өткелінде «Газель» маршруты мен тепловоз соқтығысқан болатын. «Жаңаөзен-Теңге» бағытында қатынайтын № 3 маршрутында жолаушылар отырған екен.
Апат айтып келмейді. Қайтыс болған 9 адамның ішінде 9 жасар Бексұлтан есімді бүлдіршін де бар екен. 27 адам ауыр халде емханаға жеткізілген, 8 адам өте ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр.
Қайтыс болған 8 азамат Теңге ауылының тұрғыны болса, марқұм Қуаныш Балтамұратұлы Жаңаөзен тұрғыны екен. Төмендегі апат кезінде дүниеден өткен азаматтардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз...
Мадреимова Мадина есімді қолданушы «Фейсбук» әлеуметтік желісінде қайғылы оқиғаның бір көрінісін жазады. Ауыр жағдайда емханаға түскен науқастарға Мадинаның 15 жылдан аса тәжірибесі бар Марат есімді травмотолог-дәрігер ағасымен сөйлескен әңгімесін өзгеріссіз беруді жөн көрдік:
«Вышел с операции. Наверное, слышала, что у нас здесь произошло? Нет? Тепловоз врезался в маршрутку и насмерть сбил 9 человек. Около 15 человек в реанимации, другие в тяжелом состоянии. Думаю, скоро выйдет эта новость, почитай. Сердце щемит после тяжелых операций, когда ты ничего не можешь исправить... Это для меня не впервой, но сегодня я что-то совсем вышел из ресурсного состояния. Не знаю, что делать. Коллеги советуют выпить водки, но ты знаешь, я ее совсем не переношу. И тем нельзя решить проблему» - дейді ол жазбасында.
Жаңаөзендіктердің айтуынша, ауыр халде жатқан кішкене бүлдіршін қыздың қос аяғына ампутация жасалған. Айтуға аузымыз бармайтын бұл ота түрі өте күрделі өткен. Донор боламын деп кезекте тұрған жаңаөзендіктер көп. Осыған қарап-ақ хал үстінде жатқан науқастардың жағдайын шамалауға болады! Тілегіміз, қайтыс болған тізімнің саны көбеймесе екен!
Айгүл ДӘДЕН