©
Маңғыстау станцасына барар жолда Toyota Hilux пикап және Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысып қалды. Бұл туралы Лада.кз хабарлады.
Оқиға 29 шілде күні 11:54 шамасында болған. Мұнайлы аудандық Жедел жәрдем қызметі бірден апат орнына келіп, 25 жастағы жүкті келіншек ауруханаға жеткізіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел жүктіліктің 33-34 аптасында екен. Шілденің 29-нан 30-ына қараған түні оған екі бірдей ота жасалған. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта жатыр.
Онымен қоса көлікте болған 2004 жылы дүниеге келген жасөспірім жеңіл жарақаттар алды. Ол медициналық тексеруден соң үйіне қайтарылды.