©
Бала - біздің болашағымыз. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге бір күн болса да қуаныш сыйлап, жандарына жалау болардай әрекет жасау барша мұсылманның парызы.
Осы мақсатта Ақтау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшылығы Облыстық балалар үйіне барып, шама-шарқынша мереке күні олардың жағдайларымен танысты. Онда 3-18 жас аралығындағы балалар орналастырылған. "Жетім көрсең жебей жүр" демекші әскери қызметшілер балалармен кездесті. Бүлдіршіндер келген қонақтармен ән салып, таппақ айтып, би билеп сахналық қойылымдар қойды. Облыстық балалар үйінің бас дәрігері педиатр Ермуханова Сару Мухамбеткалиевна қазіргі таңда 5 жасқа дейінгі 15 бүлдіршін, 1 бала орыс ұлтынан болса, 14-і өзіміздің қандастарымыз екенін айтып өтті. Кездесу соңында облыстық балалар үйінің ұжымымен суретке түсіп, жүздері бір жадырап қалды.Жамиля БҰХАРБАЕВА