1 маусымда Ақтау теңіз портында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың және ҚР Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы әскери күштерінің әскери-теңіз жалауын «Алатау» мина-тартқыш кемесіне табыстау салтанаты өтті. Кеме командирі, капитан-лейтенант М.Баймұхановқа жалауды ҚР Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақов табыстады. «Алатау» мина-тартқыш кемесі 2017 жылдың 30 наурызында қабылданып, Каспий теңізі акваториясын, жағалау бөлігін минаға қарсы қорғау үшін арналды. Кеме жыл бойы навигациялық кезеңде тәулік бойы пайдаланыла алады. Кеменің теңізде жүзу қабілеті 5 баллды құрайды. «Алатау» тартқышы вакумдық инфузия әдісі қалыптамасында негізделгентұтас шыныпластикалық корпусқа ие. Кеме мина іздеуге арналған айрықша батыстық құралдармен жабдықталған толыққанды мина тартқыш-іздеуші болып табылады. - Бүгін айтулы оқиға – «Алатау" мина тартқышыМаңғыстау облысына келіп тоқтады. Кемеде көтерілген әскери-теңіз жалауы Еліміздің мемлекеттік шекарасын, қоғамдық келісімін және тұрақты дамуын нығайтуға бағытталады. Маңғыстау – Каспий теңізі жағалауында орналасқан және мемлекетіміздің барлық әскери-теңіз күштері шоғырланған жалғыз облыс, - деп Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Алатау» кеме экипажына құттықтауын білдірді. «Алатау» кемесімен танысу барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов құрметті қонақтар кітабына экипаж тартқышына арналған өз тілегін жазып қалдырды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ