Ақ жол Демократиялық партиясы Елбасының Халқына арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды қолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ жол» ҚР ПМ партияның парламенттік фракциясынының депутаты Азат Перуашев хабарлады.
«Біз үшін кәсіпкерлікті қолдау және экономика аясындағы Елбасының бастамасы маңызды»,-деп атап өтті Азат Перуашев.
Бүгін Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы және оның басымдылықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырмасы алдымызда тұр.
«Ақ жол» парламенттік фракциясы депутатының айтуынша, алғашқы басымдылық- экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы. Соның ішінде сандық технологияны қолданумен құрылатын жаңа индустрияның өсуі.
«Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты – инновацияны қолдау және оны өндіруде қарқынды енгізу.
Бұл талаптар «Ақ жол» партиясының бағыттарымен үндес,- деді депутат.
Бір апта бұрын, 25 қаңтар күні біздің фракция Парламентте Үкіметке вейчерлі қор жүйесі арқылы инновация мен стартаптарды қолдау саласында сауал тастаған болатын. Біздің ойымызша, мемлекеттік қаражатты пайдалануына, экономиканың технологиялық және инновациялық сипатына әсер етуіне, іскерлік белсенділікке жатпайтынбұл бағыт біздің дамуымыздың талабына сәйкес келмейді және айтарлықтай жандануы тиіс.
Президенттің Жолдауын орындау аясында бұл іс алға жылжиды деп ойлаймын. Тек вейчерлі қаржыландыруда ғана емес, және де жалпы технологиялық және инновациялық мемлекеттік қолдауда алға жылжиды,- деп есептейді Азат Перуашев.
Екінші міндет жиынтығы - жаңа индустрияның қатарласа әзірленуімен қазақстандық экономиканың ұлттық базалық салалығының дамуына жан береді.
Бұл жерде Мемлекет басшысы замауни технологияның және автоматтандыруды жаппай ендіру негізгі факторы болып табылатын еңбек өнімділігінің көтерілуін талап етеді.
Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырылды.
«Біз қызмет ететін кәсіпорындарды ғана жаңғыртып қана қоймай, индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа жобаларға деген амалдарды өзгеру қажет.2016 жылдың желтоқсан айында, индустрия күнінде Мемлекет Басшысы мемлекеттік қаржының есепсіз шашылып, кәсіпорындар ашылғанмен өнімдер сұранымға лайық емес екенін алға тартып сынаған еді. Үздік деп танылған әлем тәжірибесінде өндірістік үрдістің және кәсіпорын жабдықтарының сапасы талапқа сай келе ме, болмаса өнеркәсіп озат технологиялар сапында болғанын және болмағанын ешкім бақылап жатқан жоқ. Нәтижесінде өзге елдердің өнеркәсібінде өндірістен шығып қалған жабдықтарды ескі технологиямен ұсынып жеткізілген. Сондықтан, мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобаларда жоспарланған технологиялары мен техникалық регламенттерінің үздік деп танылған әлем тәжірибелеріне сәйкес келетінін бағалау қажет.
Бұл қадам біздің өніміміздің экспорттық әлеуетін көтеруге әкеледі. Елбасы Үкімет алдына қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндетін жәй қойған емес. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырылды,- деп атап өтті А. Перуашев.