Ақтау гарнизоны әскер сотында сот мамандары, БАҚ өкілдері мен Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Әскери Соттың әкімшісінің тапсырмасы бойынша сот ғимаратына кіруге және техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат беру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесті сот төрағасы М.Алдабергенов ашты.
Іс-шараның өткізілу мақсаты – БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру және сот отырысында қолдану тәртібі бойынша түсіндірмелер беру.
Төраға қатысушыларға жергілікті соттардың ғимараты мен аумағында судьялар және сот жүйесінің қызметкерлері үшін өткізу және объектшілік режимін қамтамасыз ету бойынша Ережесінің кейбір аспектілерімен таныстырды, сондай-ақ қандай тұлғаларға соттың ауласы мен ғимаратына қару-жарақпен кіру, демалыс күндері мен мереке күндері, жұмыстан тыс уақыттарда, сонымен қатар электр желілері құбырларындағы, су құбырлары мен жылыту жүйесі істен шығып, апат болған жағдайда реттеуді түсіндірді.
Сонымен қатар, төрағалық етуші арнайы құралдармен және құжаттарымен БАҚ-қа қатысы бар тұлғаларға, өкілдеріне сот ғимаратына кіру ережесін хабарлады. Сот отырысына БАҚ өкілінің қатысуы техникалық, кино-бейне түсірілім, радио-телетүсірілім қолдану сұрақтары тек қана іс бойынша төрағалық етуші судьяның рұқсатымен, іске қатысушы тұлғалардың келісімі негізінді шешілетіндігі түсіндірді. Кіру режимін сактап, БАҚ өкілдерінің тізімі баспасөз-хатшысымен сот күзет бекетіне алдын-ала берілу тиістігін түсіндірді.
Өзінің баяндамасында төраға сот ғимаратында өткізу тәртібін күшейту, судьялар мен сот мамандарының қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары болып табылатынын атап өтті. Сот ғимаратында өткiзу және ішкі объектіні жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігінің мемлекеттiк мекемесі «Арнайы күзет қызыметі басқармасының қалалық және облыстық» оның аумақтық органдарының департаментімен және сот приставаның өзара іс – қимылымен қамтамасыздандырылып ұйымдастырылатынын атап өтті.
Іс шара барысында қатысушылармен сот ғимараттарында өткізу тәртібін сақтау жайлы, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдері арасындағы жағымсыз қарым-қатынастарды болдырмау, кез келген нысандағы мән-жайларды әшкерелейтін мүмкіндіктерді болдырмауды талқылады.
Төраға жиналғандарға өткізілген іс-шара барысында өткізу объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәpтiбi бойынша соттар аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау, нәрселер мен заттардың алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) болдырмау, шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау, Соттар ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру жөнінде және жаңа қағиданың басқада талаптарын талқылап, түсіндіріп өтті.
Іс-шара нәтижесінде сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келушілердің рұқсатнама ережесін және нысан ішіндегі тәртіпті қатаң сақтау керектігі аталып қорытындыланды.
Семинар-кеңсе соңында қатысушылар өз ойларын айтып, аталмыш бағыттағы жұмыстар жайлы пікірлерімен бөлісті.
Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі А.Жәнібек.